top of page

БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДЕ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕРЕК

 

1. Қашықтан оқыту форматын таңдау:

электрондық пошта, WhatsApp-чаттар, Telegram-арналар және т.б. байланыс құралдары арқылы (білім алушыларға арналған материалдар: бейнесабақ, презентация, дәріс материалдары, схемалар, ноталар және т.б.);

онлайн тәртібінде - тікелей эфирде сабақ өткізу үшін интернет-платформаларды пайдалану;

тапсырмаларды Қазпошта арқылы немесе қолма-қол қағаз түрінде жіберу.

2. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ету:

қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру жеке кесте бойынша жүргізіледі;

үйірменің (курстың, пәннің) онлайн тәртібінде – тікелей эфирдегі сабақтардың ұзақтығы: 10-нан 30 минутқа дейін - оқу мақсаттарына білім алушылардың қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты. Жазылған бейнесабақтың ұзақтығы - 10-15 минут;

қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурсты педагог өз бетінше таңдайды: Skype online, Zoom, Яндекс.диск, Google Docs, Microsoft TEAMS, GoogleClassRoom және т. б.;

білім алушылармен және ата-аналармен келісім бойынша жеке оқу кестесі;

тапсырманы алу әдістері мен құралдары, оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау;

электронды пошта, WhatsApp-чаттар, Telegram-арналар және т. б. арқылы кері байланыс ұсыну;

педагогтің уақытша үй журналы жүргізіледі;

жүргізілген жұмысты есепке алуды педагог жүргізеді және ұйым басшылығын жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етеді;

қашық форматтағы сабақтар ата-аналардың қолдауы мен қатысуын, білім алушының тапсырмалармен өзіндік жұмысын талап етеді.

3. Қашықтан сабақ өткізу кезінде білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоциялық жағдайын ескеру қажет.

4. Қашықтан оқытудың қолайлы, қолжетімді және ыңғайлы форматын ескере отырып, педагогикалық қызметті ұйымдастыру:

электрондық пошта, WhatsApp және басқа мессенджерлер арқылы өз бетінше орындау үшін тапсырма беру;

қолжетімді байланыс түрлері арқылы кері байланысты жүзеге асыру.

5. Контентті әзірлеу алгоритмі және қашықтан сабақ өткізу:

1) сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты оқу, қайталау, тереңдету, бақылау және т. б.);

2) сабақты ұйымдастыру моделін пысықтау;

3) қажет болған жағдайда оқу құралдарының тізбесін анықтау;

4) оқу материалдарының электронды пошта арқылы қолжетімділігін анықтау; WhatsApp, Telegram және т.б. топтық/жеке чаттар; оның барлық қатысушылары үшін WhatsApp арқылы жұмыс істеу ережелерін белгілеу).

6. Әртүрлі ақпараттық оқыту материалдарын (бейне, мәтін, презентациялар, сызбалар, суреттер, кестелер және т.б.) пайдалану.

7. Қосымша білім берудің бағыты мен түріне байланысты сабақтарды ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.

8. Білім алушыларға видеосабақты немесе презентацияны кез келген уақытта көру мүмкіндігін беру (офлайн режимі).

  1. Білім алушыларға жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, өз бетімен оқу және орындау үшін тапсырмалар беру.

10. Білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру:

орындалған жұмыстардың нәтижелерін қабылдау;

орындалған тапсырмаға талдау жүргізу;

пікір жазу және ұсынымдарды беру;

білім алушыны нәтижелерімен таныстыру;

қажет болған жағдайда білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке кеңес беру.

Кері байланыс:

интернет-платформалар, электронды пошта, whatsapp, telegram және т.б.;

ұялы және стационарлық телефон байланысы;

пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

11. Білім алушыға байланыс, интернет болмаған жағдайда оқу материалдарын Қазпошта арқылы беру. Қағаз жүзінде:

үйірме (сынып), пән атауын, сабақ тақырыбын көрсету;

сабақ тақырыбы бойынша қысқаша конспект жазу;

өз бетінше орындау және бекіту үшін сұрақтар тізбесін белгілеу;

тақырып бойынша қосымша материалдар ұсыну және кері байланыс механизмін көрсету қажет.

12. Штаттық режимде үйірме сабақтарын өткізу мүмкін:

бала саны 5-тен 80-ге дейінгі балалары бар және алыс оқшауланған елді мекендерде орналасқан мектептерде;

санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып (кварцтау, желдету, ауыстыру және т.б.);

карантин болмаған және коронавирустың тіркелген жағдайлары болмаған жағдайда;

жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша денсаулық сақтау органдарының келісімімен.

13. Білім беру процесіне қатысушылардың қызметі.

Білім беру ұйымының басшысы:

қашықтан оқыту процесін, оның ішінде техникалық шарттарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдайды;

қажеттілігіне қарай педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;

интернет желісі және байланыс құралдары қолжетімді емес білім алушылардың оқу тапсырмаларын жеткізуді және орындалған жұмыстарын жинауды ұйымдастырады;

жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

көзделмеген есептік құжаттаманы сұратуға жол бермейді.

Басшының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер:

білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;

оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

сабақ кестесін құрастырады, оларды БҚББ ұйымының интернет-ресурстарында (сайт) орналастырылады;

педагогтермен бірге білім алушылардың білім беру қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдері және олардың орындалған жұмыстарды ұсынуы;

білім беру процесінің барлық қатысушыларын (педагогтерді, білім алушыларды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), басқа да қызметкерлерді) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижесі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;

педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады;

педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді;

білім беру ұйымының қызметін талдайды.

Педагогтер:

күнтізбелік-тақырыптық және жеке жоспарларды түзетеді;

веб-сайттарға, электронды кітапханаларға және т.б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын құрылымдауды жүзеге асырады;

балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, қашықтан жұмыс істеу үшін жеке тапсырмалар әзірлейді;

қашықтан оқыту түріндегі жаңа формат туралы ақпаратты электронды пошта, WhatsApp-чаттар, Telegram-каналдар және т.б. арқылы білім алушылар мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдері) назарына жеткізеді;

электрондық ресурстарда оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін (бейнесабақтар, дербес жұмыс, қашықтан байқаулар, чат-сабақтар, мұражайларға, театрларға, көрмелерге, телеконференцияларға және т.б. виртуалды қатысу), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, БҚББ педагогтері мен білім алушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді;

жеке оқыту кестесіне сәйкес офлайн және онлайн-сабақтар жүргізеді, өзіндік жұмысқа бақылау жасайды;

білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке кеңес өткізеді;

тапсырмалардың орындалуын бақылайды;

жүргізілген жұмыс туралы БҚББ ұйымын хабардар етеді.

Білім алушы:

педагогтермен кесте бойынша байланыста болады;

қолжетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

жеке кестеге сәйкес өз бетімен оқу мақсатында оқу материалын алу үшін электронды поштаға, WhatsApp-чат және басқа да байланыс жүйелеріне кіреді;

тапсырмаларды өз бетінше орындайды, орындалған тапсырмаларды қолжетімді байланыс құралдары (электронды пошта, WhatsApp-чат және т.б.) арқылы педагогке жолдайды;

тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды.

Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

білім алушыға оқу үшін жағдай жасайды;

мүмкіндігінше балалардың оқуын, білім алушылардың дербес тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

педагогпен байланыста болады.

КАК ОРГАНИЗОВАТЬ ДИСТАНЦИОННОЕ ОБУЧЕНИЕ

В ДОПОЛНИТЕЛЬНОМ ОБРАЗОВАНИИ ДЕТЕЙ

 

1. Выбрать формат дистанционного обучения:

через электронную почту, WhatsApp-чаты, Telegram-каналы и др. Средства связи направление новых материалов (запись видеозанятия, презентацию, лекционные материалы, схемы, ноты и др.);

использование интернет-платформ для проведения занятий в онлайн режиме – прямом эфире;

передача заданий через Казпочту или нарочно на бумажных носителях.

2. Информировать обучающихся и их родителей:

организация процесса дистанционного обучения будет по индивидуальному графику;

продолжительность занятия кружка (курса, предмета, дисциплины) в онлайн режиме – прямом эфире: от 10 до 30 минут – зависит от достижения целей обучения обучающимся и выполнением заданий. Продолжительность записанного видеозанятия – 10-15 минут;

интернет ресурс для организации дистанционного обучения педагог выбирает самостоятельно: Skype online, Zoom, Яндекс.диск, Google Docs, Microsoft TEAMS, GoogleClassRoom  и др.;

индивидуальный график обучения по согласованию с обучающимися и родителями;

методы и средства получения задания, их выполнение в удобное для обучающегося время;

предоставление обратной связи через электронную почту, WhatsApp-чаты, Telegram-каналы и др.;

ведется временный домашний журнал педагога;

учет проведенной работы ведет педагог и информирует руководство организации о проводимой работе;

занятия в дистанционном формате требуют поддержки и участия родителей, самостоятельной работы обучающегося с заданиями.

3. При проведении занятий в дистанционном режиме необходимо учитывать психоэмоциональное состояние участников образовательного процесса.

4. Организовать педагогическую деятельность с учетом приемлемого, доступного и удобного формата дистанционного обучения:

предоставить задание для самостоятельного выполнения через электронную почту, WhatsApp и др. мессенджеры;

осуществлять обратную связь через доступные виды связи.

5. Алгоритм разработки контента и проведение дистанционного занятия:

1) определить тему и тип занятия (изучение новой темы, повторение, углубление, контроль и т.д.).

2) проработать организационную модель занятия;

3) определить перечень учебных средств при необходимости;      

4) определить доступность учебных материалов через электронную почту; групповые/индивидуальные чаты в WhatsApp, Telegram и др.; установление правил работы в WhatsApp для всех его участников).

6. Использовать различные информационные обучающие материалы (видео, текст, презентации, чертежи, рисунки, таблицы и др.).

7. Применять различные методы организации занятий в зависимости от направления и вида дополнительного образования.

8. Предоставить возможность обучающимся просмотреть видеозанятие или презентацию в любое время (офлайн режим).

9. Предоставить обучающимся задания для самостоятельного изучения и выполнения с учетом их индивидуальных возможностей и способностей;

10. Организовать обратную связь с обучающимися:

принимать результаты выполненных работ;

проводить анализ выполненного задания;

комментировать и предоставлять рекомендации;

ознакомить обучающегося с результатами;

проводить    индивидуальные консультации для обучающихся, в том числе для детей с особыми образовательными потребностями при необходимости.

Обратная связь осуществляется посредством:

интернет-платформ, электронной почты, whatsapp, telegram и др.;

мобильной и стационарной телефонной связи;

почтовую связь.

11. Передача обучающемуся учебных материалов через казпочту при отсутствии связи, интернета. На бумажном носителе необходимо:

указать наименование кружка (класса), название предмета, тему занятия;

написать краткий конспект по теме занятия;

обозначить перечень вопросов для самостоятельного выполнения и закрепления;

предложить дополнительные материалы по теме и механизм обратной связи.

12. Проведение кружковых занятий в штатном режиме возможно:

в школах с количеством детей от 5 до 80 и находящихся в дальних изолированных населенных пунктах;

с соблюдением жестких мер санитарной безопасности (кварцевание, проветривание, сменность и др.);

в случаях отсутствия карантина и зарегистрированных случаев коронавируса;

по решению местного исполнительного органа с согласования органов здравоохранения.

13. Деятельность участников образовательного процесса.

Директор школы:

обеспечивает организацию процесса дистанционного обучения, в том числе технические условия;

принимает управленческие решения, направленные на повышение качества работы;

осуществляет обратную связь с педагогами, обучающимися и их родителями (законными представителями) по мере необходимости;

организует доставку учебных заданий и сбор выполненных работ обучающихся, не имеющих доступ к сети Интернет и средствам связи;

обеспечивает строгое соблюдение требований по использованию индивидуальных средств защиты;

не допускает запрашивание непредусмотренной отчетной

документации.

Заместители руководителя, заведующие отделами, методисты:

организуют разработку мер, направленных на освоение образовательных программ обучающимися;

организуют работу по формированию учебных материалов, в том числе электронных учебно-методических комплексов, электронных образовательных ресурсов;

составляют расписание занятий, которые размещаются на интернет-ресурсах организации ДОД (сайт);

совместно с педагогами определяют организацию образовательной деятельности обучающихся: методы и приемы обучения, сроки получения заданий обучающимися и представления ими выполненных работ;

осуществляют информирование всех участников образовательного процесса (педагогов, обучающихся, родителей (законных представителей) обучающихся, иных работников) об организации работы и результатах обучения;

осуществляют методическое сопровождение в ходе организации образовательного процесса с применением информационно-коммуникационных технологий;

организуют деятельность педагогов в соответствии с утвержденным расписанием и обратную связь с ними;

контролируют ход проведения образовательного процесса через обратную связь с педагогами;

координируют работу по выполнению учебной нагрузки педагогами;

анализируют деятельность организации образования.

Педагоги:

корректируют календарно-тематические и индивидуальные планы;

осуществляют структуризацию учебных материалов с применением ссылок на веб-сайты, электронные библиотеки и другие;

разрабатывают индивидуальные задания для дистанционной работы с учетом интересов детей;

доводят до сведения обучающихся и их родителей (законных представителей) информацию о новом формате в виде дистанционных занятий через электронную почту, WhatsApp-чаты, Telegram-каналы и др.;

обеспечивают на электронных ресурсах интерактивное взаимодействие между педагогами ДОД и обучающимися с применением оптимальных и разнообразных видов работ (видеозанятия, самостоятельная работа, дистанционные конкурсы, чат-занятия, виртуальные посещения музеев, театров, выставок, телеконференций и др.), доступных информационно-коммуникационных технологий;

проводят офлайн и онлайн-занятия в соответствии с индивидуальным графиком обучения, контроль за самостоятельной работой;

проводят индивидуальные консультации для обучающихся, в том числе для детей с особыми образовательными потребностями;

контролируют выполнение заданий;

информируют организацию ДОД о проводимой работе.

Обучающийся:

находится на связи с педагогами по расписанию;

знакомится с расписанием, темами, содержанием занятий через доступные средства связи;

в соответствии с индивидуальным графиком обучения заходит в электронную почту, WhatsApp-чат и другие системы связи для получения учебного материала с целью самостоятельного изучения;

самостоятельно выполняет задания, представляет выполненные задания педагогу через доступные средства связи (электронная почта, WhatsApp-чат и др.);

соблюдает принципы самоконтроля при выполнении заданий.

Родители (законные представители) обучающихся:

создают обучающемуся условия для обучения;

по возможности осуществляют контроль за обучением детей, выполнением обучающимися самостоятельных заданий;

поддерживают связь с педагогом.

bottom of page